Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ШАЛҒАЙ АУЫЛДАРДА КӘСІПКЕРЛІК ДАМУДА

ШАЛҒАЙ АУЫЛДАРДА КӘСІПКЕРЛІК ДАМУДАҚазалы ауданы Тасарық ауылдық округі бойынша 3 шаруа қожалығы, 12 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Ал Шәкен ауылдық округінде өткен жылы «Сыбаға» бағдарламасымен шаруа қожалығы несие алып, мал шаруашылығын қолға алды. Нәтижесінде ауылдағы мал шаруашылығымен айналысатын жеке кәсіпкерлер саны 36-ға жетті. 
Тасарықта «Арал-Сарбұлақ» топтық су құбыры арқылы 163 отбасы мен 7 әлеуметтік нысан ауыз су пайдаланады. Барлық үйлер мен әлеуметтік нысандарға сервистік жүйемен су кіргізілген.
Ауылдық округке қарасты «Мариямкөл» көліне құятын каналдар бойындағы «Қоса-1», «Қоса-2» бөгеттері мен 7 қорғаныс дамбыларының жер жұмыстарының құжаттары дайындалып, мемлекеттік тіркеуге алынды. 
Жайылымдық жерлерді суаруға және шөп дайындауға қолайлы жағдай жасау үшін Жайлаукөл сағасына 1 көзді, «Болатбек» көпірі тұсынан 2 көзді су тоспалары (шлюз) салынды. Өткен жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 3 жас маман Тасарық ауылындағы №238 орта мектепке жұмысқа орналасып, әлеуметтік қолдаумен қамтамасыз етілді. Майлыбас ауылдық округіне Ақсуат, Майлыбас, Байқожа, Бірлік елді мекендері мен №99, №101, №102, №103 разъездері кіреді. Самара–Шымкент–Ақсуат 2 км автомобиль жолдарына 87921,0 мың теңге қаржы бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: