Сейхун.info » Қоғам » «Qazsport» телеарнасына Нағи Бақытбеков басшылыққа келді

«Qazsport» телеарнасына Нағи Бақытбеков басшылыққа келді

Айдар: Қоғам / Спорт

«Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай ұжымға жаңа басшыны таныстырып, Н.Бақытбековтың тағайындалуы арнаның қызметіне жаңа серпін беріп, одан әрі дамуына ықпал ететініне сенім білдірді.
Нағи Бақытбеков 1987 жылы дүниеге келген. Бұған дейін «KazFootball» ақпараттық футбол порталының директоры, соңғы үш жылда Қазақстан футбол федерациясы Маркетинг және PR департаментінің директоры қызметін атқарған.
«Qazsport» арнасы спорт жанкүйерлерінің сұранысына сай ішкі чемпионаттар мен халықаралық беделді бәсекелерден хабар таратып қана қоймай, жас жеткіншектерді спортқа баулып, қазақстандықтардың салауатты өмір салтын қалыптастыру ісіне атсалысуы тиіс», - деді Л.Танысбай.
Сондай-ақ Басқарма төрайымы осыған дейін арнаны 5 жылдан аса басқарған Павел Цыбулиннің отандық спорттық журналистиканың дамуына қосқан үлесі мен сіңірген еңбегін атап өтіп, атқарған жұмысы үшін зор алғыс білдірді.
«П.Цыбулин тәжірибелі маман ретінде аутсорсинг компанияда «Qazsport» телеарнасының контент өндірісі және шығармашылық жобалармен айналысады», - деді Л.Танысбай.
«Qazsport» - Қазақстандағы тұңғыш әрі жалғыз спорттық телеарна. 2013 жылдың 1 шілдесінен эфирге шыға бастады.