Мэссенджерлерде полиция подполковнигінің атынан тараған ақпарат жалған
Мессенджерлерде полиция полковнигі Тұрлыбек Ахметовтің атынан жазылған хабарлама таратылуда. Мәтін авторы өзін ҚР Іішкі істер вице-министрі етіп тағайындамайтын болса, құпия ақпараттарды жариялаймын деп жазған. Министрлік бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.
Хабарламада ҚР ІІМ-нің қазіргі қызметкерлері Тұрлыбек Ахметов пен Сергей Варгоның аты-жөні көрсетілген, бірақ олардың бұл дерекке ешқандай қатысы жоқ.
«30 қарашада ІІМ қызметкерлері Т.Ахметов пен С. Варго әлеуметтік желілерде олардың есімдерін пайдаланып, шындыққа жанаспайтын, жала таққан мәліметтерді жариялаған адамдарды анықтап, қылмыстық жауапқа тарту туралы өтініш жазды.
Аталған факті бойынша ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы (Көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады және БАҚ-та көрінеу жалған ақпарат таратуға қатысы бар адамдарды анықтау бойынша шаралар қабылдануда», - делінген ІІМ ресми хабарламасында.