Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АРАЛ АУДАНДЫҚ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

 

Арал ауданы әкімінің 2016 жылғы 27 қыркүйегіндегі № 372-ө санды өкімімен «Арал аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына Жұмағұлов Бектемір Ұлыбекұлы тағайындалды.
Жұмағұлов Бектемір Ұлыбекұлы – 1983 жылы 12 тамызда Қызылорда облысы Арал ауданы Қарақұм елді мекенінде дүниеге келген.
Білімі жоғары, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде арнайы құқықтық пәндер кафедрасында лаборант болып бастаған.
2006-2007 жылдары «ҚызылордаЖылуЭлектрОрталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында заңгер;
2007-2008 жылдар аралығында Арал қаласы әкімі аппаратының маманы және жетекші маманы қызметтерін атқарған.
2008-2013 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы, бас инспекторы болды.
2013 жылдан бастап осы уақытқа дейін Арал ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыстар бөлімінің басшысы, қосымша құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы қызметтерін қатар атқарып келді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: