Павлодарда ер адамды көлігінің төбесіне мінгізіп алған жүргізуші жазаланды
Павлодарда көліктің төбесіндегі ер адам куәгерлердің камерасына түсіп қалған. Алайда полиция адамды осындай әдіспен тасымалдау әрекетін құптамады деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Павлодардың патрульдік полициясы төбесінде жолаушысы болған Toyota Karina көлігінің жүргізушісін тапқан. "Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды", – дейді патрульдік полиция батальонының командирі Ренат Шәріпов. Оның айтуынша, оқиға 9 қаңтар күні сағат 21:00 шамасында Ткачев көшесінде болған. Көлікті 33 жастағы ер адам басқарған.