Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

РАЙЫМ АУЫЛЫНДА ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРЫ АРТА ТҮСТІ

РАЙЫМ АУЫЛЫНДА ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРЫ АРТА ТҮСТІАрал ауданы Райым ауылдық округі әкімі Р.Қарауымбетовтың 2016 жылы атқарылған жұмыстар жөніндегі есепті кездесуі болып өтті.
Есепті кездесу барысында 2016 жылы мемлекеттік бағдарламаларға белсене араласқан «Нұрсауле», «Шахраман», «Ержан» шаруа қожалықтары мемлекет тарапынан берілетін 2097,0 мың теңге субсидияға қол жеткізгендігі баяндалды.
Сонымен қатар, кәсіпкер Сержанов Мейрамбек «Құлан» бағдарламасы негізінде 5 млн теңге несие алып, 2 бас айғыр, 30 бас аналық бие алып, жылқы өсіруде.
Бұдан бөлек, жас маман Нұрбану Қуанышева «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша тұрғын үймен қамтылды.
Жалпы ауылдық округ аумағындағы мекемелер тұрғындарға тұрақты қызмет көрсетіп, салық түсімдері межеге сәйкес орындалған.
Есепті кездесуде жиналған қауым аудан басшысына өзекті ой-пікірлерін білдіріп,, әкім тарапынан тұщымды жауаптар алды. Шаруасы шалқыған қожалықтар алдағы уақытта да өз кәсіптерін кеңейтіп, қарқынды жұмыс жасауға ниетті екендерін жеткізді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: