Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылорда мен Қарағанды арасына тас жол салынады

Қызылорда мен Қарағанды арасына тас жол салынадыЕлімізде 2020 жылға дейін 7 мың шақырым жол салынады. Бұл туралы Автокөлік жолдары комитетінің төрағасы мәлімдеді. 
Бүгінде ел аумағын көктей өтетін «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізінің құрылысы аяқталуға жақын. Өзге мемлекеттермен барыс-келісті жақындатып, алыс-берісті арттыратын жаңа жобалар да қолға алынуда. Сондай-ақ Қызылорда-Қарағанды арасына асфальт төселетін күн де алыс емес. Қазіргі таңда жол құрылысы үшін тиімді жобалар таңдалуда. Жалпы сомасы 3 миллиард теңгеден асатын дәліздің ұзындығы 200 шақырымға жуықтайды.
Мереке Пішембаев, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Автокөлік жолдары комитетінің төрағасы: - Қазіргі уақытта «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жобасының іске асырылу жалғастырылуда. Астана мен Алматының екі ортасы, Астана-Өскемен, Астана-Ақтөбе-Атырау-Ақтау қаласына дейін Алматы-Өскемен, Қарағанды-Жезқазған-Қызылорда және Атырау-Астрахан автожол жобаларын іске асыру басталды.
Елімізде ақылы жолдар жобасы да жалғасады. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлікдәлізінің құрылысы аяқталған соң Қызылорда-Шымкент арасында қатынайтын жүк көліктері қаржы төлейтін болады. Айта кетейік, бұл халықаралық жол жүк тасымалының көлемін қазіргіден 3 есе арттырады.
 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: