«Қамбаш» балаларды сауықтыру және қосымша білім беру орталығы 2014-2015 оқу жылының ІІ-жартыжылдығында өз жұмысын бастады.
Өткен оқу жылында аудандағы 400 бітіруші түлектер 100 пайыз осы орталықтан кезең-кезеңмен ҰБТ-еуге дайындықтан өтті. Ал,биылғы оқу жылының қараша-желтоқсан айларынан бастап Арал және көршілес Қазалы аудандарының 11 - сынып оқушылары ҰБТ-еуге дайындықтарын аталған орталықта бастап кетті. Осы уақытқа дейін дайындықтың 4 легі ұйымдастырылды. Әр лек сайын оқушылардан 2 рет сынама тест / кіру және шығу тесттері/ алынады. І лекте кіру тесті мен шығу тесттерінің айырмашылығы 10,5 баллды құраса, ІІ лекте-12,4балл, ІІ лекте-9 балл, ІҮ лекте- 8 баллды құрап отыр. Бұл дегеніміз орталықта болған 10 күн бала үшін де, дәріс берген ұстаздар үшін де өз нәтижесін беруде.
Әр лек 10 күн. 10 күндік курс бағдарламасына төмендегі пәндер енеді:
• Математика - 20 сағат
• Қазақ тілі - 13 сағат
• Орыс тілі - 13 сағат
• Қазақстан тарихы - 13 сағат
• Таңдау пәні - 20 сағат
Оқушының қалауы бойынша сабақ кестесінен тыс қосымша сабақтар ұйымдастырылады. ҰБТ орталығымен байланыса отырып оқушылардан кіру және шығу тесттері алынып нәтижесі аудандық білім бөліміне жолданады.
Оқушылардың бос уақытында тәрбие жұмыстары жүргізіліп, сауықтыру шаралары да /бассейн/ ұйымдастырылған.