Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жаңақорғанда «Заңсыздыққа төзбейміз» атты акция өтті

Жаңақорғанда «Заңсыздыққа төзбейміз» атты акция өтті«Ордакент» ардагерлер және жастар ресурстық орталығында тәртіпсіздік пен құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру мақсатында «Заңсыздыққа төзбейміз» атты аудандық акциясы болып өтті. 
Аудан әкімі Р.Рүстемов пен аудан прокуроры М.Досмағанбетовтің 20 ақпан-5 наурыз аралығына бірлесіп бекіткен жоспарына сәйкес ұйымдастырылған акцияға Жаңақорған кентіндегі барлық бөлім қызметкерлері, кент ардагерлері мен тұрғындары, жастар, ауылдық округ әкімдері белсене қатысты. Акция барысында аудан прокурорының көмекшісі Е.Үмбетов тұрғындарға жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары бойынша хабарлама жасап, қоғамдық орындарда тазалықты сақтау мақсатында бірлесе жұмыс жасауға шақырды. Аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Ғ.Тұрсекеев қазіргі таңда құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ауданда атқарылып жатқан жұмыстардың барысына тоқталып, тәртіпке әр азамат бағыну керек екендігін тілге тиек етті. Ал аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Төлегенов акцияның маңыздылығын тұрғындарға жеткізе келе, әр адамның қоғамдағы тазалыққа, мәдениеттілікке көзқарасы дұрыс болуы керектігін айтып өтті. Акция аясында кент тұрғындары, жастар көңіл толғандырып жүрген сауалдарын ортаға салып, тиісті сала қызметкерлері жауап берді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: