Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Ауылдық жердегі мейрамхана


Қызылорда қаласы Ақсуат ауылдық округіне қарасты «Наурыз» елді мекенінен «Ер-Али» мейрамханасын ел игілігіне берген кәсіпкер халықтың ықыласына бөленген. 40 және 70 адамдық кіші залдары бар мейрамхана 400 орынға арналған.
Мұнда халықтың өз уақытын көңілді өткізу үшін барлық жағдай жасалған. Әсіресе, түрлі той, жақсылықтарын ауыл адамдары аса қымбатқа түспейтін қаражатқа енді осында өткізе алады. Туған топырақтан зәулiм ғимаратты мейрамхананы салу Бағдаттың көптен бері ойында жүрген екен.
– Мен кәсiпкерлiкке ерте бастап бет бұрған жанмын. Еңбек еткен адамның несібесін Алла үстей түседi. Міне, кәсiбiмдi ұлғайту мақсатында аталған мейрамхананы аштым. Сөйтіп ең көрікті ғимаратты салуды жоспарладым. Көптеген ізденіс жасап, жаңа үлгідегі тойхананы ашуға бел байладым. Қазіргі таңда облыс орталығынан да меймандар келіп, таңданысын айтып, қуанышымен бөліседі. Осындай кезде жасаған кәсібім жұртқа ұнағанына іштей риза боламын. Сондай-ақ, ең бастысы, мейрамхана ісі алға басу үшін оның асханасы дұрыс болуы – аса маңызды. Сол үшін де мықты аспаздармен жұмыс жасаудамын. Алдағы уақытта да осы жайтқа көңіл бөліп, тұрғындар көңілінен шығуға тырысамын. Сондай-ақ, болашақта осы жерден ата-аналар балаларымен уақыт өткізетіндей тиімді орын ашқым келеді, – дейді бізбен әңгімесінде жас кәсіпкер.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: