Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Елордада Қызылорда облысы жәрмеңке өткізді

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Қызылорда облысының дәстүрлі ауылшаруашылық жәрмеңкесінің екінші күні.
Ханшатыр маңындағы жәрмеңкеге келгендер Сыр дәмін алып кетіп жатыр. Халық қарасы қалың. 
Айта кетейік, жәрмеңкеге 40 жүк автокөлікпен жалпы құны 100 млн теңгені құрайтын 400 тоннаға жуық өнім келді. 
 Елордалық тұрғындарға 140 тонна күріш, 20 тонна балық және балық өнімдері, 150 тонна бақша, 40 тонна асқабақ, 40 тонна көкөніс пен жеміс-жидектер, 3 тонна ас тұзы, 5 тонна сүт және кондитер өнімдері ұсынылуда.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: