2014 жылдың желтоқсан айының 12-14 күндері аралығында криминогендік ахуалды сейілту, құқық тәртібі мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда қылмыстарды ескерту және жолын кесу бағытында облыс көлемінде «Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп, жұмыс барысы күшейтілген жүйеге көшкені белгілі.
Аталған шараға 1200-ге жуық ІІО-ның жеке құрамы жұмылдырылып, іс-шараның 3 күнінде барлығы 1733 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде жол-көлік оқиғасына тікелей септігін тигізетін өрескел жол қозғалыс ережесін бұзу фактілерінің бірі – автокөлікті мас күйінде басқарған 23 жүргізуші анықталса, қауіпсіздік белдігін тақпай автокөлік басқарған 407 жүргізушіге, ұялы телефонмен сөйлесіп көлік басқарған 313 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды.
Қабылдау-тарату орнына 6 азамат орналастырылса, уақытша бейімдеу және интоксикация орталығына 24 азамат жеткізілді.
Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзғаны үшін ТМД елдерінің 63 азаматына, ал алыс шетелден келген 1 азаматқа шара көрілді.