Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Ұлы ақынға арналған кеш өтті

ЗК-169/5 мекемесінің қызметкерлерінің қатысуымен қалалық А.С.Пушкин атындағы кітапханада Ұлы ақынға арналған «Абай-Ұлы тұлға» атты кеш өтті.
Кешті А.С.Пушкин атындағы кітапхананың кітапханашысы Қарлығаш Мәжитханқызы ашып, бүгінгі шараның маңыздылығына тоқталып, мекеме қызметкерлеріне Абай шығармаларының танымдық мәнімен бірге ұлттық әдебиет пен мәдениетті, ана тілін өркендетудегі рөлі зор болғандығы туралы мәліметтермен таныстырып шықты. Кеште ақынның өмірі мен шығармашылығынан бейнебаян көрсетіліп, ЗК-169/5 мекемесінің жедел бөлімінің жедел уәкілі әділет аға лейтенанты Алыбаева Нүргул Болатқызы Абайдың алтыншы қара сөзін оқыса, режим бөлімінің бақылаушысы әділет сержанты А.Әбдрашитова Абайдың сегізінші қарасөзін түсініп, нақышына келтіре орындаса, жасақ бастығы Ш.Досжанов Абайдың өлеңін нақышына келтіре мәнерлеп оқыды. Кеш соңында мекеме қызметкерлеріне Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы жөнінде көптеген сұрақтар қойылып, Абай атамыздың әлемге танылған «Көзімнің қарасы» әнін бірге орындады.
Ақынның күреспен өткен өмірі жас ұрпаққа үлгі-өнеге бола білді. Міне осындай іс-шаралар өткізу арқылы жастарды ұлы дананың өмірін тереңінен түсінуге мүмкіндік жасалады.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: