Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

КӨКАРАЛДАҒЫ БАЛЫҚТАРДЫ ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

КӨКАРАЛДАҒЫ БАЛЫҚТАРДЫ ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕБүгін облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов Көкарал бөгетіндегі балықтардың қырылуына байланысты жедел баспасөз мәслихатын өткізді.
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен жиында балықтардың қырылу себептері анықталды. Қазір оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс жасауда. 
Серік Салауатұлының мәлімдеуінше, Сырдария өзеніне биыл су мол келген. Арал теңізіне былтыр 2-2,5 млрд текше метр су жіберілсе, биыл 1 тамызға дейін 4-4,5 млрд текше метр су тасталып отырды. Сырдария өзеніндегі мол судың кіші Арал арқылы үлкен Аралға жіберілуі балықтардың да қырылуына әкеп соққан. Оған қоса, күннің ысуы мен судағы ауа қысымының жоғары болуы да әсер еткен. Балықтарды құтқару жұмыстары 15 қыркүйекке дейін жалғасады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: