Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЖАРАСҚАН ӘБДІРАШЕВТІ ЕСКЕ АЛУ ШАРАЛАРЫ ӨТТІ

ЖАРАСҚАН ӘБДІРАШЕВТІ ЕСКЕ АЛУ ШАРАЛАРЫ ӨТТІАрал ауданында танымал ақын, КСРО Жазушылар Одағының мүшесі, сыншы аудармашы Жарасқан Әбдірашұлын еске алуға арналған түрлі іс-шаралар өткізілуде.
Осыған орай қаладағы №62 орта мектебінде «Сұлу сөздің шебері – Әбдіраштың Жарасқаны» атты апталық аясында өткен «Туған дала, таңдарыңа атпаған өмірі ұзақ өлең болып аттанам!» тақырыбындағы поэзия кеші болды. ақынды өмірге бір тірілтіп әкелгендей болды. Оқушылардың кішкентай жүректерінен шыққан үзік жырлар мен әуендер, ақынға деген ыстық ықыластарынан шыққан түрлі өнерлері мектеп шаңырағын қуанышқа бөледі. Кешті «Сиқырлы театр» үйірмесі мүшелерінің образға еніп орындауындағы «Соғыстан соң туғандар» өлеңі жандандыра түсті. Мектеп кітапханасында ұйымдастырылған «Дала, сенің ұлыңмын!» тақырыптық бұрыш пен кітап көрмесі және ақын шығармаларын мәнерлеп оқудан сайыста 6 «В» сынып оқушылары Нәсіпжанова Айнараның «Тарих заңы», 8 «Б» сынып оқушысы Мырзабеков Айжарықтың «Махамбет» атты мәнерлеп оқыған өлеңдері ерекше бағаланды. Сондай-ақ, «Сенемін мен, саған сенем Ертеңім!» тақырыбындағы жас ақындар мүшәйрасы ақынның болашақ ізбасарларының жолын ашты. Мүшайрада Әбілбаев Жанарыстың «Ақын ағама», Теңізбаева Аружанның «Ақын рухымен сырласу» өлеңдері жүлделі орындарға ие болды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: