Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ӘРБІР АЗАМАТ ӨЗ ҮЛЕСІН ҚОСУЫ КЕРЕК

ӘРБІР АЗАМАТ ӨЗ ҮЛЕСІН ҚОСУЫ КЕРЕК

 

Бүгін Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Қазақстан коммунистік халық партиясы» Қызылорда облыстық комитетінің жетекшісі Талғат Телеубаевтың және «Самұрық» инновациялық идеяларды қолдау орталығы» қоғамдық қорының директоры Жандос Тұсмағамбетовтың қатысуымен БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз-конференциясы өтті. 
Баспасөз конференциясында азаматтық қоғам өкілдері Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын талқылады.
«Мемлекет басшысы өз жолдауында Ел Тәуелсіздігінің 25 жылында үлкен жетістіктерге жеткендігімізді, ендігі кезекте 2050 жылы дамыған 30 елдің қатарына ену мақсаты тұрғандығын айтты. Осы мақсатқа жету үшін әрбір азамат өз үлесін қосуы керек» - деді Жандос Тұсмағамбетов.
Мұнан өзге, азаматтық қоғам өкілдері Елбасы Үндеуіндегі өкілеттіктерді Үкімет пен Парламентке беру туралы шешімін қолдайтындықтарын жеткізді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: