Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Бүгін әлем тұрғындары Күн тұтылуының куәсі бола алады

Бүгін бірнеше елдің тұрғындары Күн тұтылуының куәсі бола алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 
Күннің тұтылуы Нұр-Сұлтан уақытымен 20:25-те басталады, аспан құбылысының максималды фазасы 22:00-ге дейін созылады. 
Бүгінгі күн тұтылуының ұзақтығы 2 минут 10 секундқа созылады. Бұл астрономиялық құбылыс Тынық мұхитының оңтүстік-шығысында жақсы көрінеді. Чили, Аргентина, Оңтүстік Атлант мұхитының тұрғындары ерекше оқиғаны анық көре алады.
Тұтылудың ішінара фазалары Оңтүстік Америкада, Полинезияда, Антарктидада және Африкада байқалады. ТМД аумағында күннің тұтылуы әлсіз болады.
Қазақстанда күннің тұтылуы көрінбейді, бұл кезде ел аумаңында тәуліктің қараңғы уақыты болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: