Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ2011 жылы Тәуелсіздіктің 20 жылдығында еліміздің қол жеткізген жетістіктері жан-жақты саралана келіп, 1-желтоқсанды тұңғыш Президент күні ретінде атап өту белгіленген. Осы бастаманы 2012 жылы Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат депутаттары қолдап, әрі ұсыныстарымен  «1-желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні»  ретінде жаңа мемлекеттік мейрам болып бекітілді.                      
Осыған орай, бүгін департаменттің мәжіліс залында мерекелік іс-шара өтті. Шара барысында Ішкі істер министрі, полиция генерал- полковнигі  Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетұлының мерекелік құттықтау хаты оқылып, министр бұйрығымен департаменттің 12 қызметкері марапатталды.    Сондай-ақ,  Қызылорда ОІІД бастығы полиция полковнигі Ж.Сүлейменов бұйрығымен департаменттің 135 қызметкері марапатталды.  
Одан соң Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің филология ғылымдарының кандидаты доценті Әбілов Алдажар  Әбдресөлеұлы «Тұңғыш Президенттің өмір жолы» тақырыбында баяндама жасады.  
Мереке соңында 1-ші желтоқсан Тұңғыш Президент күні мерекесіне арнайы түсірілген «Президент феномені» бейнеролигі департамент қызметкерлерінің назарына ұсынылды. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: