Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Электронды қызмет көрсету мәселелерін талқылады

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мемлекеттік мекемелердегі электронды қызмет көрсету мәселелерін талқылады. Облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Юлия Тремасова атқарылған жұмыстарды баяндап, негізгі көрсеткіштерді тізбеледі.
2021 жылдың 5 айында облыс көлемінде жалпы 2 666 076 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде 1585 850 қызмет «электрондық үкіметтің»  веб-порталы және көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілсе, 34485 қызмет мемлекеттік корпорация арқылы, 1045 481 қызмет қызмет мемлекеттік органдармен қағаз түрінде көрсетілген. 
Қазіргі таңда жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 173 түрі көрсетіледі. Соның электронды түрде 141қызмет түрі қолжетімді. Қалған 18 қызмет түрі жыл соңына дейін орталық атқарушы органдармен автоматандырылады деп жоспарлануда.
Жиында Юлия Тремасова «Электрондық қызметтерді алу орталығы» ашылғалы бері 27345 электронды қызмет көрсетілгенін атап өтті. Орталық арқылы тұрғындар мемлекеттік қызметтерді электронды түрде өздігінен ала алады.
Сонымен қатар, аймақта облыстағы барлық мемлекеттік мекемелерде, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында, орта және мектепке дейінгі білім беру органдарында, емханаларда, ауруханаларда электронды қызметтерді алуға 900-ге жуық «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» ашылған.
Айта кетейік, өңірде өткен жылы Zoom платформасы арқылы 6 бағыт бойынша 12 онлайн-семинар өткізілсе, биыл 5 айда 4 онлайн-семинар және 1 офлайн семинар өткізілді.
Жиын соңында облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова басқарма басшысына мемлекеттік мекемелердегі электронды қызметтерді көрсету бағытындағы жұмыстардың жүйелі жүріп, қызметтердің уақытылы көрсетілуіне баса мән беру қажет деп атап өтті. Сондай-ақ, тұрғындардың қызметтерді алу қолжетімділігі бойынша түсіндірме жұмыстарын кешенді түрде жүргізуді және талдау жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: