Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ТАБИҒИ ГАЗДАН АЖЫРАТЫЛҒАН КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕР АЙДЫҢ СОҢЫНА ДЕЙІН КӨГІЛДІР ОТЫНҒА ҚОСЫЛАДЫ


Қызылордадағы үш көпқабатты үйдің тұрғындары табиғи газдан ажыратылғандықтары туралы шағым білдірді. Мердігер-компания өкілдерінің айтуынша, үйлердегі табиғи газ заңсыз өткізілген.
Естеріңізге сала кетейік, Жібек жолы көшесіндегі 15 пәтерлік үш үйдің тұрғындары пәтерлеріне табиғи газ жүргізілгендігін хабарлады, бірақ көп ұзамай бұл үйлерде газ беру тоқтатылған. Көгілдір отынды заңсыз кіргізгендіктері анықталды. Газ инфрақұрылымын дамыту және қауіпті өндірістік нысандарды мемлекеттік бақылау бөлімінің бастығы Олжас Исмалаевтың айтуынша, компания қызметкері басшылықтың қолтаңбасы мен мөрін қолдан жасаған.
«Патсайы» ЖШС өкілінің айтуы бойынша, компания қызметкері басшының қолтаңбасы мен мөрін қолдан жасап, тұрғындармен заңсыз келісімшарт жасасқанын мойындап отыр. Осыған орай «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ заңсыз қосылған газ құбырларын тұрғын үйден ажыратқан. Қазіргі таңда заңды түрде көгілдір отынға қосу жұмыстары жедел жүргізілуде, айдың аяғына дейін бұл мәселе реттеледі»,-деді Олжас Исмалаев.
Сонымен қатар, қызметкер жұмыстан шығарылатынын, тұрғындарға өз қаржысы есебінен шығындарының өтемақысын төлеп және бастаған газдандыру жұмысын соңына дейін жеткізетінін мәлімдеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: