Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Емханалардың жоспарлы жұмысы жүйелі жүргізілуде

Өңірде "COVID-19" індетімен күресу барысында эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуіне сәйкес, емханалардағы жоспарлы емдеу жұмыстары уақытша тоқтатылған болатын. 
2020 жылғы 3 тамыздан бастап аймағымыздағы ахуалдың тұрақталуына орай емдеу ұйымдарындағы жоспарлы жұмыстар өз жұмысын бастаған.   
Сонымен қатар бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымдары, яғни емханалар 3 тамыздан бастап жоспарлы жұмыстарын бастады. Яғни бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету деңгейінде уақытша тоқтатылған 
- Скринингтік тексерулер (скринингтік тексерулердің барлық түрі);
- Профилактикалық тексерулер науқастардың профилактикалық мақсатта емханаға келуі (жұмысқа және оқуға баратындардан басқалары);
- Жоспарлы стоматологиялық қызмет (жоспарлы стоматологиялық қызметтердің барлық түрі);
- Оқушылардың денсаулығын қорғау қызметтері (мектеп медицинасы), медициналық оңалту ІІІ сатысы (амбулаторлы жағдайда көрсетілетін реабилитация);
-  Салауатты өмір салтын ұстану бойынша шаралар (СӨСҚ кабинеттерінің жұмысы;
- Денсаулық мектептерінің жұмысы) және психологиялық көмек көрсету қызметтері өз жұмыстарын жалғастыратын болады.
Бүгінгі жоспарлы емдеу жұмыстарының қайта іске қосылуы аймағымыздағы ахуалдың тұрақтағанының тағы бір дәлелі. Атқарылып жатқан жұмыстардың барлық көрсеткіштері бойынша оң шешімдер, жақсы жағдайлар жеткілікті. 
Дегенмен, бұл жағдайлар бізді босаңсытпауы керек. Сақтық шараларын  қатаң сақтап, гигиеналық талаптарды орындайтын болсақ біз бұл індетті аман-есен еңсеретін боламыз!
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: