Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЗАЛЫДА ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ

ҚАЗАЛЫДА ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫҚазалыда аудандық футбол федерациясының есепті жиыны мен аудан футболшыларын марапаттау салтанаты өткізілді.
Аудандық футбол федерациясының президенті, мемлекеттік Кірістер басқармасының басшысы, спорт жанашыры Фердоуси Қожабергенов жыл көлемінде футбол спортына байланысты атқарылған жұмыстарды баяндады. 
Биылғы жыл аудан футболы үшін табысты жыл болды. Аудан спортшыларынан жасақталған «Жігер» құрама командасы облыс біріншілігінде бірінші орынды жеңіп алды. Сонымен бірге «Алтын күз-2016» спартакиадасының бас жүлдесін де қазалылық команда иеленген болатын. 
Аудан әкімінің орынбасары Арман Қаржаубаев аудан абыройын асқақтатқан аяқдопшыларды жеңістерімен құттықтап, спорттық киімдер табыстады. 
Шара барысында аудандық футбол құрамасының жаттықтырушысы Дархан Ысқақов ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 25 жас спортшыға 25 доп табыс етті.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: