Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Дәрігер тұмаудан арылудың үш жолын атады

Ұлыбританиялық дәрігер және тележүргізуші Сара Джарвис Express баслымына берген сұхбатында тұмаудан арылудың үш негізгі жолын айтты, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл жөнінде kaz.tengrinews.kz жазды. 
Дәрігердің сөзінше, бірінші тәсіл - тамаққа арналған спрей қолдану. Ол микробқа қарсы бөгет ретінде қолданылады. 
"Зерттеу жұмыстары спрей тұмау симптомының жалғасуын екі есе азайтатынын және аурудың ағымын үш есе төмендететінін көрсетті", - дейді маман. 
Тұмаудың алдын алудың екінші жолы - қызылкүрең қолдану.Алайда маман осы препараттың тиімділігін зерттеуде қарама-қайшы нәтиже барын айтады.
Үшінші тәсіл - С дәрумендерін немесе цитрус, бұрыш, брокколи, брюссель қырыққабатын және картоп қолдану болып саналады. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: