Бүгін аудан әкімі Абзал Сансызбайұлы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінде 19 жыл абыройлы қызмет жасаған Болат Сәдірұлын құрметпен зейнет демалысына шығарды.
«Сізді - Жаңа жыл мерекесі қарсаңында адамзаттың асқақ белесі зейнетке шығуыңызбен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғау саласында 19 жыл абыройлы еңбек етіп, мемлекеттік жүйесін қалыптастыруда, қоғам қауіпсіздігі мен тұрақтылығы жолында атқарған мінсіз қызметіңіз үшін шынайы алғысымызды білдіремін!
Меншікті мерекеңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық тілеймін! Жаңа жыл жаңа бақыт, ырыс-несібе мен молшылық әкелсін!»- деп аудан әкімі Абзал Мұхимов ақ тілегін арнап, иығына шапан жапты.