Шалқияда төрт жастағы қыз екінші қабатты үйден құлап кетті
Қызылорда облысында көп қабатты үйдің екінші қабатындағы терезеден төрт жастағы қыз бала құлап кетті.
Бүгін, 5 маусымда сағат 13:14-те Жаңақорған ауданына қарасты Шалқия кентінде бес қабатты үйдің екінші қабатынан төрт жастағы қыз баланың құлап кеткені жөнінде хабарлама келіп түсті.
«2019 жылы дүниеге келген сәби үлкендердің бақылауынсыз қалып қойған. Сәби балалар ауруханасына жатқызылды. Жағдайы ауыр», - деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.