Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жаңа Конституция – ел дамуының берік негізі

Конституция – мемлекеттің саяси-құқықтық жүйесінің негізін айқындайтын, қоғамның даму бағыты мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын айқындайтын басты құжат. Сондықтан жаңа Конституцияның қабылдануы – ел өміріндегі маңызды тарихи әрі саяси мәнге ие қадам.

Жаңа Конституцияның басты құндылығы – мемлекет пен қоғам арасындағы өзара жауапкершілікті нығайту, заң үстемдігін қамтамасыз ету, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау қағидаттарын одан әрі дамыту. Өйткені кез келген өркениетті мемлекеттің қуаты оның экономикалық көрсеткіштерімен ғана емес, ең алдымен, азаматтарының құқықтық қорғалуымен, қоғамдағы әділдік пен тұрақтылықтың деңгейімен өлшенеді.
Конституциялық өзгерістер елдің басқару жүйесін жетілдіруге, мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыруға және азаматтардың қоғамдық-саяси өмірге қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған маңызды негіз қалыптастырады. Сонымен қатар, бұл үдеріс әрбір азаматтың өз құқығы мен міндетін терең түсінуіне, ел тағдырына бейжай қарамай, ортақ жауапкершілікті сезінуіне ықпал етуі тиіс.
Менің пайымдауымша, Конституцияның шынайы құндылығы оның баптары мен нормаларында ғана емес, сол қағидаттардың күнделікті өмірде жүзеге асуында. Заңға құрмет, азаматтық жауапкершілік, әділдік пен теңдік қоғамның берік ұстанымына айналғанда ғана құқықтық мемлекет қалыптасады.
Жаңа Конституция – тек бүгінгі күннің талаптарына жауап беретін құжат емес, болашақ ұрпақтың жарқын келешегіне бағытталған маңызды құқықтық бағдар. Сондықтан оны құрметтеу, мазмұнын түсіну және конституциялық құндылықтарды қоғам өмірінде орнықтыру – баршамызға ортақ міндет.

Нұрбол Баянәліұлы Жұмабеков
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [✔] *: