Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

АРАЛДА АУЫР АТЛЕТИКА ДАМИДЫ

АРАЛДА АУЫР АТЛЕТИКА ДАМИДЫБүгін ауыр атлетикадан Сыр елінің Толағайы Илья Ильннің бапкері, ҚР-ның еңбек сіңірген, мемлекеттік жаттықтырушысы Вилорий Викторович Пакті аудан әкімі Абзал Сансызбайұлы жеке қабылдады. 
Қабылдау барысында Вилорий Викторович Пак қозғау салған мәселелер мен ұсыныс-пікірі аудан әкімі Абзал Сансызбайұлы тарапынан қолдау тапты. Тәжірбиелі жаттықтырушы кездесуден соң № 19 Арал аудандық ОРМБЖ мектебіндегі 2015 жылы ашылған ауыр атлетика залымен танысып, өзінің бай тәжірбиесін ортаға салып аралдық жас зілтеміршілерге шеберлік дәрісін өткізді. Аудан спортшыларының ауыр атлетикадан биіктерді бағындыруға зор мүмкіндігін байқаған Вилорий Викторович Пак «Ильяның ізін жалғар өрендердің Аралдан шығатындығына сенімдімін»,-деп ыстық ықыласын жеткізді.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: