Ұлттық құрама капитаны Дәулет Ниязбеков спорттық мансабын аяқтады. Бұл жайлы еркін күрестен Қазақстан құрамасының бас бапкері Әсет Серікбаев мәлімдеді.
Өзінің спорттық мансабы аяқталғаны жайлы: «Токио Олимпиадасында алған жарақатым сыр берді. Олимп шыңын бағындырсам деген арманымның орындалмағаны өкінішті. Осы уақытқа дейін маған көңіл бөліп, мені жаттықтырған бапкерлеріме алғысымды білдіргім келеді», – деп өз ойын түйіндеді.
Дәулет Ниязбеков 2019 жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2011 жылғы Әлемдік доданың қола жүлдегері, үш дүркін Азия чемпионы (2015, 2016, 2018), 2012 жылғы Лондон және 2021 жылы өткен Токио Олимпиадасының қатысушысы.