Шымкент қаласында "Caspian Engineering Company" жүлдесі үшін шайбалы хоккейден жасөспірімдер арасында халықаралық турнир мәресіне жетті. Аталмыш турнирге Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары және Қырғызстаннан 4 команда катысты.
Турнирдің алғашқы күнінде қызылордалық хоккейшілер Бішкек қаласының "Ильбирс" командасымен кездесіп, олардан 2:5 есебімен жеңіліп қалды. Жарыстың келесі күнінде Шымкенттің "Армадасын" 7:1, соңғы ойында "Оңтүстік бүркіті" командасын 11:8 есебімен женді. Осының нәтижесінде жерлестеріміз күміс жүлдегер атанды. Бішкек қаласының "Ильбирс" командасы бірінші орын алды. Үздік үштікке "Армада" командасы ие болды.
Біздің өңірде шайбалы хоккейден үйірменің ашылғанына небәрі бір жыл ғана өтті. Осыған қарамастан қызылордалық өрендер өздерінің шеберліктері шыңдалып келе жатқанын дәлелдеді. Команданы жарысқа шайбалы хоккейден облыстын аға жаттықтырушысы Талғат Әкімжанов дайындады.