Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Кабира Асқарова пауэрлифтингтен рекорд жаңартты

 Кабира Асқарова пауэрлифтингтен рекорд жаңарттыАлматы облысы Талдықорған қаласында пауэрлифтингтен мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында өткен Қазақстан чемпионатында жерлестеріміз 3 алтын, 3 күміс медаль олжалап, жүлделі оралды. 50 келіде сынға түскен ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері Кабира Асқарова Қазақстан чемпионы атанып, Қазақстан рекордын жаңартты. 
65 келіде Айбек Әбжанның мерейі үстем болса, 73 келіде Райля Қорғанбаева чемпионаттың алтын медалін иеленіп, ҚР спорт шебері нормативін орындады. 45 келі салмақ дәрежесінде Алтынкүл Иманбаева, 54 келіде Ерболат Әлімбетов пен 107 келіден жоғары салмақта шеберлік байқасқан Алмасбек Сейтенов күміс жүлдеге ие болды. Ел чемпионатына Қазақстанның барлық өңірлерінен спортшылар бақ сынасты. 
Жарыста жеңімпаз атанған спортшыларымыз К.Асқарова, А.Әбжан және Р.Қорғанбаевалар үстіміздегі жылдың шілде айында Алматы қаласында болатын Азия чемпионатына қатысады. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: