Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ГОЛОВКИННІҢ БАПКЕРІ АЛЬВАРЕС НЕШІНШІ РАУНДТА НОКАУТҚА ТҮСЕТІНІН АЙТТЫ

 

Отандасымыз Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес мексикалық Сауль Альварес «Канеломен» өтуі мүмкін жекпе-жекке қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Вaq.kz.
«Мен шынымен де бұл үлкен жекпе-жек болады деп үміттенемін, себебі Канело – мықты боксшы. Ол WBC титулынан Дүниежүзілік бокс кеңесі Головкинмен аяқ астынан жұдырықтасуға міндеттегісі келгендіктен ғана бас тартты. Алайда келесі жылы ол боксшы ретінде өсіп, бұл жекпе-жек оған тиімді болады деген ойдамын. Дегенмен ол 12 раундқа созылмайды. Меніңше, 8-9 раундтан аспайды, өйткені менің Головкинім күшті. Панчер ретінде емес, боксшы ретінде мықты», – деп мәлімдеді Санчес.
Головкин мен Канелоның промоутерлері – Том Лёффлер мен Оскар де ла Хоя жекпе-жекті келесі жылдың қыркүйегінде өткізу туралы ауызша келісім жасаған болатын, дегенмен Канелоның жарақат алуына байланысты ол 2018 жылға ауыстырылуы мүмкін.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: