Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ЖАЛАҢТӨС БАҺАДҮР ЕСІМІ ДӘРІПТЕЛДІ

ЖАЛАҢТӨС БАҺАДҮР ЕСІМІ ДӘРІПТЕЛДІҚызылордада Жалаңтөс баһадүрді еске алуға арналған бокстан жасөспірімдер арасында республикалық турнир аяқталды. Биыл оныншы мәрте ұйымдастырылған турнир ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды. 
Оған еліміздің он облысынан және Қырғызстаннан 16 команда 350-дей былғары қолғап шеберлері 23 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды. Жарыс ұлдар арасында 18 салмақта, қыздар арасында 5 салмақта өтті. "Жеңіске деген жігері үшін" номинациясымен қыздар арасында қызылордалықтар  Қуаныш Бұрхан, ұлдар арасында Еркебұлан Сәдуақасов, "Ең үздік боксшы" - қыздар арасында Алматы облысынан Ақерке Агипова, ұлдар арасында қызылордалық Рахымжан Шанжархан марапатталды. 
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медаль, диплом және естелік сыйлықтар табысталды.
Жарыста жеңімпаз атанған спортшылар:
Қыздар арасында (2001-2002 ж.т.):
46 келі: Анель Абдукарим (Алматы обл.)
52 келі: Фариза Балкир (Қызылорда обл.)
57 келі: Ақерке Агиева (Талдықорған қ.)
60 келі: Аяулым Қайырбекқызы (Қарағанды обл.)
+60 келі: Гүлсая Ержан (Қызылорда обл.)
Ұлдар арасында (2003-2004 ж.т.): 
30 келі: Бисұлтан Даренов (БҚО)
32 келі: Әмір Сейілхан (БҚО)
34 келі: I топ Бағлан Тұрғанбай (Қызылорда обл.)
34 келі: II топ Санжар Марксов (БҚО)
34 келі: III топ Мақсат Арықбаев (Қырғызстан)
36 келі: Райымбек Амантаев (Алматы обл.)
38 келі: Сәуірбек Әбілақ (Қызылорда обл.)
40 келі: I топ Ғалымжан Алмахан (Шымкент қ.)
40 келі II топ Қайсар Хиясов  (БҚО)
42 келі: Рахымжан Кулекбаев (Байқоңыр қ.)
44 келі: Асхат Хамит (Қызылорда обл.)
46 келі: Азамат Эрмекбайуулу (Қырғызстан)
48 келі: Құдайберген Ақбаралиұлы (Қызылорда обл.)
50 келі: Жақсылық Басаров (Қызылорда обл.)
52 келі: Бейбіт Ибатов (БҚО)
57 келі: Рахымжан Шанжархан (Қызылорда обл.)
63 келі: Нұрқадам Әбдреш (Астана қ.)
66 келі: Мамыр Дәурен (Шымкент қ.)
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: