Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Велоспорттан ел чемпионаты басталды

Бүгін, 16 сәуір күні Қызылорда қаласында велоспорттан жастар арасында Қазақстан чемпионаты басталды. Облысымызда алғашқы мәрте ұйымдастырылған велошабандоздар жарысына Астана қаласы, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар және Қызылорда облыстарынан 9 команда қатысуда.

Велоспорттан ел чемпионаты басталды

 

Олар 5 күн бойы Қызылорда-Шымкент және Қызылорда-Самара бағыттарындағы тас жолда топтық және жекелей сында шеберлік байқасады. Бұл жарыс мамыр айында Еуропада болатын халықаралық турнирге және қыркүйек айында Америкада өтетін Әлем чемпионатына спортшыларды іріктеу болып табылады. 
Жарыстың салтанатты ашылуында облыс әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы, ұлттық штаттық командалар және спорттық резерві дирекциясы директорының орынбасары Олжас Сейдолла сайысқа қатысушыларды құттықтап, жеңіс тіледі. Сондай-ақ, Қазақстан велосипед спорты федерациясының атқарушы директоры Асан Базаев федерация атынан облыстық велоспорт мектебіне екі велосипедті табыстады. 
Жарыс бағдарламасы бойынша бүгінгі бәсеке 100 шақырымдық топтық жарыстан басталды. Чемпионат 20 сәуірге дейін жалғасады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: