Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ЕРЕСЕКТЕР КОМАНДАСЫНДА 14 ЖАСЫНДА ОЙНАДЫ

ЕРЕСЕКТЕР КОМАНДАСЫНДА 14 ЖАСЫНДА ОЙНАДЫ

 

Түркияның «Галатасарай» командасы өзінің 14 жастағы ойыншысы Мұстафа Капаны ересектер арасындағы кездесуде жасыл алаңға шығарып, жанкүйер қауымын елең еткізді. Бұл Болгарияның «Левски» командасымен жолдастық кездесу болатын. 
Ойынның 89-минутында Мұстафа жасыл алаңға шықты. Ол Синан Гюмюшты алмастырды. Осылайша команда тарихында тұсаукесер ойынын өткізген ең жас футболшы атанды. 
Ересектер арасында өзінің тұсаукесер ойынын өткізген рекорд әзірге Маурисио Бальдивьесоның еншісіне жазылып отыр. Ол 2009 жылы Боливияның жоғары дивизионында сынға түсіп жүрген «Аврора» командасы сапында алты минөт ойнап үлгерді. Дәл осы уақытта ол 13 жасқа толуға 3 күн қалған еді. 
Ойыннан кейін Капа «Галатасарай» бапкері Яна Олде Рикеринкке алғысын білдірді.   
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: