Жамбыл облысының орталығы – Тараз қаласында мектеп оқушылары және колледж студенттері арасында каратэ-додан Қазақстан Республикасының VIII жазғы спартакиадасы өтті. Онда жерлестеріміз жақсы ойын көрсетіп, 9 медальмен оралды.
16-17 жас аралығында кумитэ бағдарламасы бойынша Марта Ким 53 келіге дейінгі салмақта жеңімпаз атанса, Әділет Оралбек +76 келіде күміс жүлдені иеленді. 16-17 жас аралығында кумитэ бойынша Кемелбек Қабыланбек (-61 келі), Ақмарал Бекназар (+59 келі), Айжан Шарапова (-48 келі), ката бойынша Жахангир Жақыпбек пен Марта Ким 3-орынды еншіледі.
Командалық катада ұлдар мен қыздар қола жүлдеге ие болды.
Қыздар арасында команда құрамында Ақмарал Бекназар, Дильнара Ғани, Айжан Шарапова, ұлдар командасының құрамында Әлішершәріп Қонысбек, Фархад Жарылқасын, Кемелбек Қабыланбектер өнер көрсетті.
№2 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі мен «Қажымұқан» спорт клубында тәлім алатын спортшыларды жарысқа Рүстем Әбжәмиев, Нұржан Ақпанбет, Талапберген Әбдіраманов, Нұрбол Тойшыбаев және Рүстем Қараевтар дайындады.