Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Виктор Кумыков тәжірибесімен бөлісті

Виктор Кумыков тәжірибесімен бөлісті	Жаттықтырушыларға кәсіпқой деңгейде білім беру бағдарламасының аясында техникалық орталығына "Шахтер" футбол клубының бұрынғы бас бапкері Виктор Кумыков шақырылды. 
Тәжірибелі, хас маман екі жылдан бері PRO-курсынан сабақ алушы мамандар алдында теориялық сабақтар өткізіп, өзінің орасан тәжірибесімен бөлісті. 
Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер алқасында қызметін жалғастырып жатқан Виктор Кумыков бас командамыздың кейінгі кездердегі жаттығу процессі мен "Шахтер" футбол клубының соңғы үш жылдағы жұмыстары жайлы айтып өтіп, резервпен қалай жұмыс істеу керектігі туралы өз білгенін ортаға салды. Сондай-ақ, футболшылардың физикалық дайындығы жөніндегі мәселелерге де кеңірек тоқталған Балютович команданың ел чемпионаты сынды ұзақ дистанциялық турнирлерде қалай әрдайым бабында ұстап тұру керектігін айтты.
Жалпы, Кумыковпен өткен кездесуден тыңдаушылар көп пайдалы нәрселерді көңілге түйіп, бүгінгі нарық заманында демеушілер мен мемлекеттік құрылыммен байланыс тұрғысында да біраз қызықты кеңестер алды. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: