Қызылорда қ. облыс әкімінің жүлдесіне арналған 21-ші облыстық спартакиада басталды. Оған 28 команда, 1000-ға жуық қызметкер спорттың 9 түрінен қатысуда.
Жарыстың ашылу салтанатында облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов пен ҚР Мемлекеттік қызмет істер министрлігінің облыс бойынша департаментінің басшысы Жазира Жылқышиева сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларды құттықтады.
Бірінші күнгі жарыстың қорытындысы бойынша арқан тартудан сайыс аяқталды. Нәтижесінде 1-топта I орынды обл.ішкі істер департаменті жеңіп алса, II орынды шекара қызметі ә/б 2019,
III орынды обл. білім басқармасы иеленді.
2-топта ақпараттық технологиялар орталығының қызметкерлері жеңімпаз атанды. II орынды мемлекеттік қызмет істер департаменті, III орынды обл.энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының командалары еншіледі. Спартакиада 7 шілдеге дейін жалғасады.