Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ СПОРТШЫЛАР АРАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДА ӨТЕДІ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ СПОРТШЫЛАР АРАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДА ӨТЕДІ

 

10-12 маусым аралығында Қызылордада мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында облыстық спартакиада өтеді. Жарысқа Қызылорда қаласы мен аудандардан 8 команда, 100-ден аса спортшы спорттың 6 түрі бойынша сынға түседі. 
Спартакиаданың мақсаты – мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дене дайындығын жетілдіріп, спортпен тұрақты айналысуға тарту, салауатты өмір салтын қалыптастыру. 
Айта кетейік, аталмыш жарыс биыл үшіншіжыл қатарынан өтуде. Жалпы командалық және әр спорт түрінен анықталған жеңімпаз бен жүлдегер командалар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының грамота, естелік сыйлықтарымен марапатталады.  Жарыстың салтанатты ашылуы 10 маусым сағ. 10.00-де, басталуы 10.30-да «Мұз айдыны» СК.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: