Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Олимпиада-2016. Зілтеміршілер жоспары – бес алтын иелену

2016 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтетін жазғы Олимпиада ойындарында ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы 5 алтын жүлде алу керек, деді ҚР Ауыр атлетика федерациясының президенті Жанат Түсіпбеков.

 

Жиында ҚР ауыр атлетика құрамасының бас бапкері Алексей Ни 2015 жылғы жоспарымен бөлісіп, Хьюстонда өтетін Әлем чемпионатында сәтті нәтиже көрсетіп, Олимпиада ойындарына толық құраммен бару керек екендігін атап өтті.
«Хьюстонда өтетін Әлем чемпионатында 2 алтын жүлде алуды ойластырудамыз. Егер, сол тапсырманы орындайтын болсақ, онда Олимпиадаға толық құраммен (6 ер спортшы, 4 әйел спортшы) барамыз. Катмандуда өтетін Азия біріншілігінде де 2 алтын, Лима мен Вроцлавта өтетін жастар және жасөспірімдер арасындағы Әлем біріншілігінде 2-3 жүлде алу ойда бар», - дейді бас бапкер.
Астанада өткен отырыс барысында допинг мәселесі де айтылыпты. Федерация қызметкерлерінің айтуына қарағанда, 2014 жылы 323 қазақ зілтеміршілерінен допинг-сынама алынған.
Оның ішінде 216 спортшыдан бәсеке барысында алса, 107 спортшыдан жаттығу кезінде алынған. Допинг-сынамаларының қорытындысы бойынша, қазақстандық 9 зілтеміршінің қанынан спортшыларға рұқсат етілмейтін дәрумен табылып, олар 2 жылға спорттан шеттетілген.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: