Бүгін, 10 сәуірде Шымкентте өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны аясында 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы алғашқы жолдастық матчын өткізді.Бұл жайында қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі мәлім етті.
Карлес Марторелл шәкірттерінің қарсыласы Қырғыз елінің жасөспірімдер құрамасы болды. Матч қазақстандық футболшылардың басымдығымен өткенімен, бір ғана гол соғылды. Голдың авторы - Батыр Құдайбердінов. Ол есепті 11-ші минутта ашты.
Қазақстан құрамасының сапында алаңға шыққан футболшылар: Бекмырза, Михайлов (Аманжол), Сүйінов (К), Бортай, Кусяпов (Ярков), Жақыпбаев (Серіков), Кан (Орал), Жақсылық, Құдайбердінов, Пайруз, Таласбаев (Айманов). Резерв: Сазонов, Тұрсынбай, Байтен, Бубненков.
17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы оқу-жаттығу жиынын жалғастырады және оның аясында екі жолдастық кездесу өткізеді. Қазақстан құрамасының келесі қарсыласы 1999 жылғы футболшылардан құралған Тараз қаласының «Монтажник» командасы болмақ. Бұл ойын 13 сәуірге жоспарланған.