Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Футбол орталықтары мен академияларының 5-туры аяқталды

Қызылорда қаласының «Локомотив» стадионында футбол орталықтары мен академияның 1997 және 2002 жылғы жеткіншектері арасында ел біріншілігінің 5-тур ойындары аяқталды.
Шағын турнирге алаң иелері «Қайсардан» бөлек, «Каспий», «Ордабасы» және «Тараз» командалары қатқан болатын. Жас бапкер Жарқын Жоламанов бастап шыққан 2002 жылғы жеткіншектер бірінші ойында Ақтаудан келген замандастарын 3:1 есебімен басым түссе, екінші және үшінші ойындарын 0:0 есебімен тең аяқтады. Ал Талғат Сыздықов жетекшілік ететін 1997 жылғы жасөспірімдерімізге финалдық кезеңге шығуға сәл ғана сәттілік жетпей қалды. Бірінші ойында «Каспийді» 7:3 есебімен тізе бүктірсе, екінші «Тараздан» жеңіліп жатып, 2:1 есебімен жеңісті жұлып алды. Ал соңғы ойынын «Ордабасыға» қарсы өткізіп, аса тартысты өткен матчта 2:2 есебімен тең түсті. Негізі бірінші таймда бір-бір голдан алмасқаннан кейін екінші таймда командалар қарқындарын тіптен күшейтті. Жерлестеріміз қанша жерден шабуылдағандарымен доп қақпаға жүрмей, қанды қарайтты. Ал қонақтар күтпеген жерден бір шабуыл ұйымдастырып, алға шығып кетті. «Жығылғанға жұдырық» дегендей, одан кейін Дамир Оразбектің жүйкесі жұқарып, алаңнан қуылып тынды да, жағдайды мүлдем қиындатып жіберді. Абырой болғанда жерлестеріміз есепті теңестіріп, бір ұпайды қоржынға салды.
- Ел чемпионатының турнир кетсесіне қарап отырмын, 1997 жылғы жасөспірімдерге тек бір-ақ ұпай жетпей қалыпты. 9-орынға тұрақтағанбыз. Егер «Ордабасыны» жеңгенімізде, онда жартылай финалдық кезеңге өтер едік. Ештеңе етпейді, демек әлі де болса атқарар жұмыстар бар екенін көрдік. Осы бойынша жұмыс жасаймыз, - деді «Қайсар» футбол орталығының жетекшісі Талғат Сыздықов.
 
 

Футбол орталықтары мен академияларының 5-туры аяқталды

 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: