Сырдария ауданы Амангелді ауылында №1 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің ашық біріншілігі өтті.
Бұл шара жергілікті соғыс және еңбек ардагерлерінің жүлдесі үшін қазақ күресінен жасөспірімдер арасында өткізілді. Аталмыш жарыс Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылды. Ауылдық жерде осындай жарысты өткізудегі басты мақсат - ауыл жастарының спортқа қызығушылығын арттыру, қазақ күресін кеңінен насихаттау, спортшылардың шеберлігін шыңдау.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер алғыс хат, медальдармен марапатталды.
Жарыс соңында «Түйе палуандар» сайысы өткізілді. Бас жүлдені қызылордалық Нұрбек Дариялов иеленіп, оған 25 мың теңге берілді. Екінші орынды алған Рамазан Бисенбайға (Қызылорда қ.), 15 мың үшінші орын иегері Уәлихан Иманбекке (Амангелді ауылы)10 мың ақшалай сыйақы табыс етілді.