Бүгін, Қызылорда қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған велоспорттан қалалық ашық чемпионат өтті. Кәсіби спортшылар мен әуесқойлар арасында алғашқы мәрте ұйымдастырылған жарысқа Қазалы ауданы, Қызылорда қаласынан 100- ге жуық спортшы қатысты.
Жарыстың мақсаты - облыста велоспортты кеңінен дамыту, бұқаралық спортпен шұғылданушылар санын ұлғайту және жастарды салауатты өмірге тәрбиелеу.
Веложарыс таңғы 10.00-де Тасбөгет кентінен басталып, Жібек жолы көшесімен Абай даңғылы арқылы өтіп, Тағзым алаңында аяқталды.
Айта кетейік, келесі жарысты наурыз айында өткізуді ұйымдастыру жоспарлануда.
Жарыс қорытындысы бойынша:
Тас жол велосипедінен 15-20 жас аралығындағы қатысушылар арасында:
I орын Жанболат Сәду (Қазалы ауд.)
II орын Мұрат Байжахан (Қазалы ауд.)
III орын Жәдігер Аманкелді (Қызылорда қ.)
Тас жол велосипедінің өзге түрлерінен 15-20 жас аралығында қатысушалар арасында:
I орын Айбек Әбубәкір (Қазалы ауд.)
II орын Нұрлыбек Сағынтай (Қызылорда қ.)
III орын Нұржан Нұрлыбек (Қазалы ауд.)
Тас жол велосипедінің өзге түрлерінен қатысушылар арасында:
I орын Жарбол Сүлейменов (Қазалы ауд.)
II орын Бауыржан Орынбасар (Қазалы ауд.)
III орын Жандәулет Өндірей (Қызылорда қ.)
Тас жол велосипедінен 20 жастан жоғары қатысушылар арасында:
I орын Асхат Қабдаш (Қызылорда қ..)
II орын Бағдат Әбекенов (Қазалы ауд.)
III орын Рысбек Әбубәкір (Қазалы ауд.)
Сондай-ақ, жарыста "Ең үлкен қатысушы" - 51 жастағы қызылордалық Алмасбек Махамбетов, "Жеңіске деген ынтасы үшін" - Нұрсейіт Әлімсейіт және белсенді қатысқаны үшін - Динара Эшатова, Гаухар Әділова, Бауыржан Қуанышбаевтар марапатталды.