Facebook VK WhatsApp Instagram

Спорт

0

ШИЕЛІДЕ ЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ТУРНИР ӨТТІ

 ШИЕЛІДЕ ЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ТУРНИР ӨТТІШиелі ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған кіші футболдан бұқаралық ақпарат құралдары арасында өткізілген кіші футболдан облыстық турнир мәресіне жетті. 
Жеңімпаз командалар мен қатысушыларды аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Әбілқасымұлы құттықтап, марапат табыстады. 8 команда қатысқан турнирде озық шыққан «Қазақстан Қызылорда» командасы І орынды иеленді. ІІ орынға «Меншікті тілшілер» командасы еншісіне тиді. ІІІ орын «Сыр медиа» командасына бұйырды. Жүлделі І орын иелеріне 70 мың, ІІ орынға 50 мың, ІІІ орынға 30 мың теңге қаржылай сыйлықтар мен кубоктар табысталды. Одан бөлек, турнирде «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Үздік ойыншы» номинациялармен үздік ойыншыларға арнайы ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, ойынның бас төрешісі мен «Баспасөз қызметі», «Жас тілшілер», «Қоғам ТВ», «Өскен өңір», «Жаңақорған тынысы» командаларына алғыс хаттар табыс етілді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: