Астана қаласында өтетін ҰлыЖеңістің 70 жылдығына арналған шеруге бүгін Қазалы ауданынан соғысжәне еңбек ардагері Смағұл Қабақты барша қазалылықтар шығарып салды.
Аудан әкімі БахытЖаханов ардагердің жолына сәттілік тілеп, жеңісті жақындатқан жандарға құрметтің толастамайтындығын жеткізді. Ардагер ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.