Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Спорт басқармасы волейболдан мықтылығын дәлелдеді

Спорт басқармасы волейболдан мықтылығын дәлелдедіСалауатты өмір салтын қалыптастыру, спортпен шұғылдану - деніміздің сау болуының негізгі кепілі. Осы мақсатта үстіміздегі жылдың 13-15 тамыз күндері Қызылорда қаласы «Мұз айдыны» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Спорт күні мерекесіне арналған спорт саласы қызметкерлер арасында волейболдан жарыс өтті. Бірінші мәрте ұйымдастырылған жарысқа облыстық дене шынықтыру мен спорт басқармасы мен басқармаға бағынысты 15 команда 180 қызметкер қатысты.
Финалда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің командалары кездесіп, алтын жүлдені сарапқа салды. Бұл ойында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы қарсыластарын айқын басымдықпен ұтып, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Жүлделі үшінші орынды «Мұз айдынының» командасы еншіледі.
Волейбол халық арасында бұқаралық спорт түріне айналған ойын. Аталмыш спорт командалық ұйымшылдықты, ширақ қимыл мен шеберлікті талап етеді. Жарыста жеңімпаз және жүлдегер командаларға диплом, кубок және естелік сыйлықтар табысталды.
Сондай-ақ, мерекеге орай облыста спорт саласының дамуына үлес қосып жүрген бірқатар сала мамандары марапатталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: