Facebook VK WhatsApp Instagram

Спорт

0

«ҚАЙСАР» АФРИКА КУБОК ИЕЛЕРІ КУБОГЫ ЖЕҢІМПАЗЫН ЖЕҢДІ

«ҚАЙСАР» АФРИКА КУБОК ИЕЛЕРІ КУБОГЫ ЖЕҢІМПАЗЫН ЖЕҢДІ

 

Түркияның Белек қаласында алғашқы оқу-жаттығу өткізіп жатқан «Қайсар» дайындық барысындағы бірінші жолдастық кездесуін өткізді. Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті. 
Біздің қарсыласымыз Судан елінің «Аль-Меррейх" командасы болды. Есеп 2:0, біздің пайдамызға. Африкалық командаға гол соққандар Елжас Алтынбеков пен Дәуренбек Тәжімбетов. 
«Аль-Меррейх» өз елінің чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізген команда. Құрамында Судан құрамасында ойнайтын тоғыз футболшы бар. Сондай-ақ, 1989 жылы «Аль-Меррейх» КАФ кубок иелерінің кубогы бәсекесінде Нигерияның «Бендел Юнайтед» клубын қос ойынның нәтижесінде 1:0 есебімен сүріндіріп, аталмыш турнирдің жеңімпазы атанды. 2007 жылы КАФ Конфедерация кубогы бәсекесінде ақтық финалға дейін шығып, Тунистің 
«Сфаксьен» клубына 2:5 есебімен жол беріп қойды.
Еске сала кетейік, қазіргі уақытта «Қайсар» Түркияда бірінші ОЖЖ өткізіп жатыр. Осы мемлекетте біздің команда екі жолдастық кездесу өткізбек, соның келесісі 22 желтоқсанда қостанайлық «Тобылға» қарсы болмақ.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: