ЭЛИЗАБЕТ ТҰРСЫНБАЕВА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА БАҚ СЫНАЙДЫ
АҚШ-тың Бостон қаласында мәнерлеп сырғанаудан Әлем чемпионаты басталды. Турнирді «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетуде.
Бүгін, 31 наурызда 22:00-де әйелдер арасындағы жарыстар басталды. Онда Қазақстанның намысын 16 жасар Элизабет Тұрсынбаева қорғайды. Элизабет Тұрсынбаева 2000 жылдың 14 ақпанында Ресейдің Мәскеу қаласында дүниеге келген. Ол мәнерлеп сырғанауда жекелей сында бақ сынап келеді. 2016 жылғы жасөспірімдер арасындағы олимпиада ойындарыда қола жүлде алды. 2014 жылы Қазақстан чемпионы атанды. Халықаралық конькишілер одағының (ИСУ) рейтингінде 16 орында тұр.
Э.Тұрсынбаева ересектер арасындағы әлем чемпионатында тұңғыш мәрте бақ сынап отыр. Тағы бір айта кетерлігі, спортшы Қазақстанның Қызылорда облысының атынан түрлі жарыстарға қатысып келеді.