Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

"Байқоңыр" 10 ойыншымен жеңіске жетті

"Байқоңыр" 10 ойыншымен жеңіске жеттіҚызылорданың "Байқоңыры" өз алаңында жеңіске жетті. Бұл – жерлестеріміздің төртінші жеңісі. Біздің жігіттер Петропавлдің "Қызылжарын" 3:2 есебімен сүріндірді.
«Байқоңыр» — «Қызылжар» 3:2 (1:1)
Голдар: Аитов 15-автогол (1:0), Хачатуров 45+1 (1:1), Тілеуқабылов 50 (2:1), Чагелишвили 65 (2:2), Исмаилов 78 (3:2)
Алаңнан қуылу: Балымбетов 65 («Байқоныр»,екінші сары қағаз)
Төреші: Кумашев (Астана)
15.08.2015. Қызылорда. «Локомотив». 100 жанкүйер.
Алаң иелері 15 минөтте алға шықты. Голды қонақтар қорғаушысы Ильдар Аитов өз қақпасына соғып алды. Ал 45+1 минөтте "Қызылжар" сапынан армениялық легионері Артем Хачатуров таразы басын теңестірді. Ал 50 минөтте қызылордалық Алмат Тілеуқабылов "Байқоңырды" алға шығарса, қонақтар қатарынан Давити Чагелишвили есепті 2:2-ге жеткізді. Ойынның 65-минөтінде "Байқоңыр" ойыншысы Самат Балымбетов алаңнан қуылды. Соған қарамастан алаң иелері 78 минөтте жеңіс голын соқты. Оның авторы – Бағдат Исмаилов.
Жерлестеріміз осылайша біріншіліктегі төртінші жеңісіне қол жеткізді. "Байқоңыр" бұдан бұрын өз алаңында 2 турда Алматының ЦСКА (2:1), 11 турда "Мақтарал" (1;0)  сырт алаңда 10 турда "Екібастұз" (2:1) командаларын тізе бүктірді. Сондай-ақ, қызылордалық футболшылар өз алаңында 7 турда "Восток" (2:2), сырт алаңда 12 турда "Бәйтерек" (0:0) клубтарымен тең ойнады. Қалған 8 кездесуде қарсыластарына есе жіберді.
Қазір турнир кестесінде 13 команда арасында 14 ұпаймен 10-орында келеді. Ал "Қызылжар" 22 ұпаймен 4-орында тұр.
"Байқоңыр" келесі турды 22 тамызда сырт алаңда өткізеді. Қарсыласы – Семейдің "Спартагы".  
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: