Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

"Қайсар" ойыншысы құрамада ойнайды

"Қайсар" ойыншысы құрамада ойнайды«Қайсар» футбол клубы қосалқы құрамының ойыншысы Мәдияр Оразбек 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының оқу-жаттығу жиынына шақырту алды. Жаттығу жиыны тамыздың 12-сі мен 19-ы аралығында Алматының Талғар қаласында өтеді.
Мадияр Оразбек – жасы 18-де. 1997 жылдың 30 сәуірінде дүниеге келген. Алғашқы жаттықтырушысы – Төребек Жақсылық. Оң қапталда қорғаныста да, жартылай қорғаныста да ойнай алады. Бұл оның Қазақстан құрамасының жиынына алғаш шақырту алуы. Жасөспірімдер құрамасының оқу-жаттығу жиынына шақырту алғандықтан Мәдияр Оразбек 14 тамыз күні Қызылорда қаласында өтетін «Қайсар-д» - «Тараз-д» арасындағы ойынға қатыса алмайды.
Айта кетейік, оқу-жаттығу жиыны барысында аға бапкер Ойрат Садуов бастаған жасөспірімдер 19 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатының іріктеу додасына дайындалады. 18-23 қыркүйек аралығында Хорватияда өтетін іріктеу додасында Ойрат Садуов шәкірттеріне турнир қожайындарынан бөлек, Венгрия және Черногория құрамалары қарсылас атанбақ. Іріктеу додасында 13 топ, яғни барлығы 52 команда бар. Элиталық кезеңге әр топтың екі үздік құрамасы мен үшінші орын алғандардың ішінде көрсеткіші жоғары бір команда жолдама алады. Ал Еуропа чемпионатының финалдық кезеңі 2016 жылы Германияда ұйымдастырылады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: